ЖАС ДАРЫН АЯЛА РЫСБАЙ – ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

Қазанның 20-сы күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен №111 жалпы орта білім беретін мектепте мемлекеттік және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтарына арналған Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Көркемсөз шебері» мәнерлеп оқу байқауының қалалық кезеңі өтті.

Астана қаласындағы №98 «Мирас» балабақшасының «Құрмет» мектепалды тобының тәрбиеленушісі Аяла Рысбай аталмыш «Көркемсөз шебері» қалалық мәнерлеп оқу байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Байқаудың іріктеу кезеңінде 64 қатысушы болды. Қалалық кезеңге 42 қатысушы жолдама алған болатын. Байқауда Аяла қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың «Таудағы көктем» өлеңін мәнерлеп оқып, қазылардың көңілінен шықты. Ақын жырындағы табиғаттың әсемдігін, көктемнің көркем келбетін сезіне отырып, өлеңді түсініп, нақышына келтіре оқуы оның көркемсөз өнеріне деген қызығушылығы мен қабілетін танытты.

Аяла – жан-жақты өнерлі, ізденімпаз әрі алғыр бүлдіршін. Оның бойындағы өнерге деген сүйіспеншілігі мен шығармашылық қабілеті осындай байқауларда айқын көрініс табуда. Көркемсөз оқу баланың тіл байлығын молайтып, сөздік қорын дамытып қана қоймай, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, сахна мәдениетін қалыптастырады.

Жас дарынның жетістігі – өзінің талпынысы мен дайындығының, тәрбиешілерінің қолдауы мен ата-анасының қамқорлығының жемісі. Аяланың жеңісі №98 «Мирас» балабақшасының ұжымы үшін де зор қуаныш пен мақтаныш.

Аяланы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Өнерің өрге жүзсін, талантыңмен талай биікті бағындырып, алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көріне бер! Жас дарынның жарқын болашағына сенім мол!

Share your love

9 Comments

  1. Finally found a platform that doesn’t lag during peak hours. The game variety here is top notch. Highly recommend bddb89 for anyone looking for a bit of fun.

Кері байланыс

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған