Балабақша жобалары

Балабақшаларда 2023-2026 жылдарға арналған «Абай аманаты» тақырыбындағы эксперименттік білім беру жобасы әзірленді. 2023-2024 оқу жылында балабақшада эксперименттік режимде енгізуге ұсынылған білім беру бағдарламасын сынақтан өткізу бойынша «Абай аманаты» эксперименттік білім беру алаңдары ашылды. Эксперименттік білім беру алаңында ортаңғы: «Қанағат», «Ынтымақ», «Ғибрат» топтары енгізілсе, бақылаушы топтар болып, ортаңғы: «Парасат», «Мұрагер» топтары енгізілді. Қазіргі таңда осы аталған жоба бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр.