Күз – берекенің, молшылықтың, еңбектің жемісі мен ырыстың айы. Осы бір алтын күздің шырайын кіргізіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді мақсат еткен тағылымды шара елордадағы №98 «Мирас» балабақшасында өтті.

Балабақша ауласында ұйымдастырылған күзгі жәрмеңкеге барлық топтардың ата-аналары мен педагогтері белсене қатысып, күздің мол өнімін ортаға салды. Түрлі жеміс-жидек пен көкөністер, қолдан жасалған бұйымдар мен дәмді тағамдар қойылған жәрмеңке аулаға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әр топ өздерінің ұйымшылдығы мен шығармашылығын танытып, күзгі молшылықтың сәнін келтірді.
Жәрмеңкенің тағы бір ерекшелігі – балабақша мамандары ұйымдастырған дәмхана болды. Мұнда келушілерге ұлттық тағамдардан манты, палау, кәуап, сондай-ақ шай мен кофе ұсынылды.
№98 «Мирас» балабақшасының меңгерушісі Несібелі Бахтигрейқызы Сарсенованың айтуынша, қайырымдылыққа негізделген күзгі жәрмеңке балабақшада өткен жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
«Жәрмеңкені былтырдан бері дәстүрлі түрде өткізіп келеміз. Басты мақсатымыз – балаларға қайырымдылықтың, үлкенді сыйлаудың мәнін көрсету және ата-аналар мен педагогтерді ізгі іске біріктіру. Былтыр жәрмеңкеден түскен қаржыға балабақшамызға қарттарды арнайы шақырып, дастархан жайып, құрмет көрсеттік. Биыл да осы дәстүрді жалғастырып, жиналған қаражатты Қарттар күніне орай қайырымдылыққа бағыттауды жөн көрдік», – дейді меңгеруші.
Шын мәнінде, жәрмеңкенің мәні де осында – күздің молшылығын бөлісу ғана емес, адамның адамға деген мейірімін арттыру. Бірі өнімін әкелсе, бірі тағам әзірлеп, енді бірі жәрмеңкенің ұйымдастырылуына атсалысты. Осылайша ата-ана мен педагогтің бірлескен еңбегі игі іске ұласты.

Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат 1 қазан – Қарттар күніне орай қайырымдылыққа бағытталды. Ал бүгін балабақша ұжымы осы бастаманың жалғасын тауып, Астана қаласындағы қарттар үйіне арнайы барды.
Ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды қарияларға сый-сияпат табысталып, балабақша ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Әуезді ән мен әсерлі өнер қарттардың көңіліне қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды.
Қарттарды құрметтеу – ұлттың тәрбиесі мен рухани құндылығының айқын көрінісі. Ал мұндай игі істерді балабақша қабырғасынан бастап қалыптастыру – өскелең ұрпақтың бойына ізгілік дәнін себудің жарқын үлгісі.

№98 «Мирас» балабақшасындағы күзгі жәрмеңке осылайша бір күндік мерекеден гөрі мағынасы терең, тағылымы мол шараға айналды. Күздің берекесі – дастарханға, дастарханның берекесі – қайырымдылыққа, ал қайырымдылық – қарттардың жүрегіндегі қуанышқа ұласты. Өйткені ізгілікке бастар жол үлкен істерден емес, осындай жүректен шыққан қарапайым қадамдардан басталады.
Өз тілшіміз




The gameplay is incredibly addictive and the rewards are actually attainable. I spent my whole weekend here and had a blast. Go visit arushokislot right now.
If you are looking for a reliable APK that actually works without glitches, this is it. The loading speed is amazing. Get your 8k8app4apk and start winning.
I’ve been looking for a reliable way to access my account and this site is super smooth. Everything loads fast and the login process is effortless. Highly recommend pk68viplogin for anyone who wants a hassle-free experience.
I love the vibe of this platform. It is very welcoming for beginners and the rewards are actually attainable. Check out naga169login.
The hit rate here is way better than other sites I have used in the Philippines. Really feeling the luck today. Big thanks to aaaphslot!
I felt my luck change as soon as I signed up. The bonuses are generous and the site is very secure. You guys should definitely try lucky33me tonight.
The app is a game changer. I can play whenever I have a break at work without any hassle. Great job on the bd5666betapk software.
If you are looking for a fair and honest gaming site, phjilibett is the way to go. Five stars from me!
Really impressed with the variety of options available here. It feels like they actually listen to the players when updating the site. Great experience overall with vn2q88
The variety of games is just insane. I spent the whole weekend exploring and I am still not bored. k777game is definitely my new favorite spot.
I’ve been trying a few platforms lately and this one really stands out. The interface is smooth and the payouts are surprisingly fast. Definitely check out idsupermpo if you want a reliable spot.
If you are looking for something reliable and fast, this is it. The payouts are processed quickly and the games are addictive. Check out ft999app
The app is super intuitive and doesn’t crash. It makes betting on the go so much easier. Big shoutout to 850betapp for the great service.
I was skeptical at first but the bonuses are legit and actually helpful for new players. Give vn10tr88 a try.