«Инклюзивті білім беру – тең мүмкіндіктер алаңы»

Астана қаласы білім беру ұйымдары арасында инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі №98 «Мирас» балабақшасында өтті. «Мектепке дейінгі ұйымдарды ерекше білім беруді қолдау әдіс-тәсілдері» тақырыбында ұйымдастырылған семинардың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауды іске асыру, инклюзивті білім беруді тиімді ұйымдастыру арқылы оларды қоғамда тең құқылы тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

Семинардың ашылу салтанатында балабақша меңгерушісі Несібелі Бахтигрейовна Сарсенова инклюзивті білім берудің маңыздылығына тоқталып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау – бүгінгі білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтіп, педагогтердің кәсіби шеберлігі мен заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану балалардың жан-жақты дамуына үлкен ықпал ететінін жеткізді.

       Іс-шараның көркін ашу мақсатында балабақша музыканттары Құндыз Нигматоллақызы мен Бану Абайқызы тәрбиеленушілермен бірге шағын концерттік бағдарлама ұсынып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Музыкалық нөмірлер балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың инклюзивті ортадағы маңызын көрсетті.

        Семинар барысында балабақшаның педагог-психологі Маржан Маратбек психологиялық тренинг ұйымдастырып, педагогтерге ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасаудағы психологиялық қолдау, эмоциялық тұрақтылық және ынталандыру жолдарын ұсынды. Тренинг интерактивті форматта өтіп, қатысушылар белсенді түрде тәжірибе алмасты.

          Педагог-ассистент Салима Ахметова «Көңілді тапсырмалар» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет арқылы балалардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған әдістерді көрсетті. Ал педагог-ассистент Жансая Жубанышева «АВА терапияны қолданудың тиімді тәсілдері» тақырыбында тәжірибесімен бөлісіп, мінез-құлықты түзету мен дағдыларды қалыптастырудағы бұл әдістің нәтижелілігін нақты мысалдармен түсіндірді. Логопед Назым Қабыкен «Орман аңдарымен бірге «Ш» дыбысына саяхат» атты сабақ үлгісін ұсынып, дыбысты дұрыс қою мен сөйлеу тілін дамытудағы ойын элементтерінің тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар педагог-ассистент Айна Абдуалиева «Баланы сөйлеуге ынталандыратын Монтессори әдісі» тақырыбында іс-әрекет өткізіп, баланың дербестігін арттыру мен қызығушылығын оятудағы Монтессори технологиясының маңызын атап өтті.

          Семинардың ерекше бөліктерінің бірі – инклюзивті білім берудегі заманауи бағыттардың бірі ретінде жасанды интеллектті қолдану тәжірибесі болды. «Балабақшадағы бір күн» тақырыбында ұсынылған тәжірибе барысында педагог-психолог Маржан Маратбек жасанды интеллекттің білім беру үдерісін жоспарлау, баланың даму динамикасын бақылау және педагог жұмысының тиімділігін арттырудағы мүмкіндіктерді таныстырды.

        Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдауда тиімді әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды тәжірибеде қолдануға мол мүмкіндік берді. Іс-шара соңында педагогтер өзара пікір алмасып, болашақта инклюзивті білім беруді одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстарын білдірді.

          №98 «Мирас» балабақшасында өткен бұл семинар инклюзивті білім беру саласындағы озық тәжірибелерді таратуға және ерекше балаларға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Share your love

3 Comments

  1. Heard some whispers about daga88bet. Seem alright. Wide selection of games, not gonna lie. If you’re looking for a new spot, give daga88bet a look, see if it tickles your fancy.

  2. 3win88 has been throwing up a lot of ads online. Is it as good as the ads make it out to be? Want honest opinions before I dive in. Show me what you know: 3win88

13win27 үшін пікір үстеуCancel Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған