Ұлы жеңіс жасасын!

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға баулу. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Әнге деген қызығушылықтарын ояту, ән туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық есту, елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Қамықпаған қиындықтың үрейінен, Өздеріңе силап қырдың гүлінен Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен! Жеңіс деген жақсылықтың сыңары Жігерменен құштарлықтың құралы Күрескердің арманы мен ұраны Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Құрметті ұстаздар мен балалар! Баршамызға белгілі 9 мамыр 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.
Биыл міне, сол жеңіске де 79 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады. Қазір біздің балалардың Жеңіс күніне арнап дайындаған ертеңгілігін тамашалаңыздар.

Share your love

3 Comments

  1. Hey everyone! Been checking out 888win9 lately and it seems pretty solid. Navigation is smooth and the selection of games is pretty good. Definitely worth a look if you’re searching for a new spot to play! Check it out now: 888win9

vinchat үшін пікір үстеуCancel Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған