Сөйлеуді түзету, дамыту

  • Логопед — дефектологтен кеңес
  • Сөйлеу және ақыл ойдың бұзылуындағы білікті көмек.
  • Сөйлеуді бастау
  • Дыбыс қою
  • Логомассаж

Мектепке дейінгі біліммен қамқылмаған балалармен «Сөйлеуді дамыту» іс- әрекетінен үзінді.

1)Артикуляциялық жаттығулардың негізгі мақсаты тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл – қозғалыстарын толық жетілдіру. Әр жаттығудың өзіндік аты бар және сол аттарын балалар есіне сақтап білуі қажет.Артикуляциялық жаттығуларды орындықта отырып жасату тиімді. Баланың дене мүшелері бос, арқасын түзу ұстап,қол- аяқтары бұлшық еттерін бос ұстау керек. Айнаны балаға қарама-қарсы қарап отыру керек , және бетәлпеті жақсы көрініп тұруы керек.
2) Балалармен тыныс алу, соның ішінде мұрынмен тыныс алу жаттығуларын орындау.

3) Нейрогимнастика немесе нейрожаттығу көмегімен баланың ми сыңарларын, ұсақ моторикасын, ес, зейін, ойлау, тілін, яғни барлық таным процестерін дамытады. Осы жаттығулардың нәтижесінде бала мидың екі жартышарлары арасында байланыс түзеді, ақыл-ой белсенділігі, есте сақтау қабілеті жақсарады, оқу және жазу процестері жеңілдейді, қол мен көзді үйлестіру жақсарады, кеңістіктегі ойлауы дамиды

Балабақшадағы логопункт кабинеті қандай қызмет атқарады?

Қалай балабақшада балаңызды арнайы мамандардың түзету жұмыстарына қатыстыра аласыз?

4 Comments

  1. Салтанат Ерғалиқызы керемет маман 🫶🏻

  2. Салтанат Ергаликызына еки топтан еки улым барады, керемет апай, барлык балага индивидуально конил боледи, оз жумысына укыпты, балдарымнан жаксы результат корип келемин.

Нурила Алдаберген үшін пікір үстеуCancel Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған