Әр түрлі іс-қимылдар.
Балалардың кедергілерден өтіп, жаңа қабілеттерін арттыру.
Мақсаты: Балаларды спортқа қызығушылығын ояту,денсаулығын жақсарту,әр түрлі кедергілер өту арқылы өз қабілеттерін дамыту.
Жаттығу барысында “Тепе теңдікпен жүру”, “Кедергіден өту”, “Секіру”, “Жорғалап жүру”,
“Баспалдақтан түсу”, “Еңбектеу”, “Аяқ қол белгілері” сынды кедергілер болды.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Сартбаева Г.Қ
“Спорт — денсаулық кепілі!” атты эстафеталық сайыс өтілді.
Эстафета мақсаты: спорттық білімдерін тереңдету, ойын тәртібін сақтап, сапта өздерін еркін ұстауға баулау, спортқа қызығушылығын арттыру,бір-бірінің жетістіктеріне қуана білуге тәрбиелеу, денсаулығын нығайту.
“Көңілді спорт” атты эстафеталық жарыс өтілді.
Мақсаты: 1. Ойын кезінде өзін — өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 1. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу. 2. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Асық хоккейі
Асық ойыны —қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.
Қазіргі таңда балабақшамызда ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында асықтың әртүрлі тәсілдермен ойындары ұйымдастырылып жатыр, соның бірі “АСЫҚ ХОККЕЙІ”. Ойында балалар қақпаға қарсыласының асығын жылдам жинау арқылы, өздерінің жылдамдығын және асықты көп жинау арқылы санауға үйренеді.
Кім жылдам ойыны
“КІМ ЖЫЛДАМ” ойыны асық арқылы ойнатылатын өте қарапайым ойын. Асықтар тегіс жерде,әртүрлі бағытта қойылады, асықта нүктелі сандар көрсетілген, ойында 4 балалар қатысады, ойыншылардың міндеті
көрсетілген санды жылдам өз қақпаларына кіргізу.
Бұл ойында балалар физикалық тұрғыдан дамып қана қоймайды, сонымен қатар бәсекеге,жылдамдыққа, санауға үйренеді.
Асық ойындары балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыра түседі.