КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Консультативтік пунктте ата-аналармен ваучерге қатысты түсіндірме жұмысы өткізілді. Іс-шара барысында ата-аналарға ваучердің маңызы, оның пайдалану тәртібі мен артықшылықтары жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, ваучер арқылы қолжетімді мүмкіндіктер мен баланың білім алудағы даму үрдісіне тигізетін әсері талқыланды. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, толыққанды ақпарат алды. Жұмыс ата-аналардың белсенді қатысуымен, ашық диалог форматында өтті.